"Астана" автошабандозы "Париж-Ницца" жарысында құздан құлап кетті

Фотография - "Астана" автошабандозы "Париж-Ницца" жарысында құздан құлап кетті

Дәрігерлер тексеріп, бел омыртқасының L1 және L3 бөліктері шытынағанын анықтады.

344 0

"Астана" командасының автошабандозы Даниил Фоминых Францияда өтіп жатқан "Париж-Ницца" жарысының жетінші қорытынды кезеңінде құздан құлап кетті. Абырой болып, аман қалды, деп хабарлайды BNews.kz.

Фоминых апат орнынан дереу ауруханаға жеткізілді. Қазір ол есін жиды. Дәрігерлер тексеріп, бел омыртқасының L1 және L3 бөліктері шытынағанын анықтады.

Қазақстандық спортшы тағы 2-3 күндей ауруханада болып, беліне оңалту корсеті қойылады. Қозғалуы жеңілдеген соң елге оралады.

"Оған қазір бір айдай ауыр зат көтеруге, белсенді қозғалуға болмайды. Бір ай өткен соң сүйегі қата бастағанда алғашқы жаттығуларын бастай беруіне болады", - дейді дәрігерлер.

"Даниилдің құздан құлағанын көріп, бәріміз де қатты қорықтық. Абырой болғанда, ол аман қалды, көрер жарығы бар екен. Араға 2-3 ай салып, арамызға оралады деп сенемін. Бүкіл командамызбен оның тезірек сауығып кетуін тілейміз", - дейді команданың бас менеджері Александр Винокуров.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!