Андрей Голубев Challenger турнирін жеңіп шықты

Фотография - Андрей Голубев Challenger турнирін жеңіп шықты

Ақтық сында әлем рейтингісінің 208-орнында келе жатқан Голубев әлемнің 146-ракеткасы ресейлік Карен Хачановпен кездесті

162 0

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Швецияның Йенчепинг қаласында өткен Challenger турнирінің жеңімпазы атанды. .

 Ақтық сында әлем рейтингісінің 208-орнында келе жатқан Голубев әлемнің 146-ракеткасы ресейлік Карен Хачановпен кездесті. 2 сағат 44 минутқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық теннисші 6:7, 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Швецияда өткен турнирдегі жеңіп алған олжасы – Голубев үшін мансабындағы бесінші және осы маусымдағы алғашқы Challenger жүлдесі. Бұған қоса Голубев 6150 доллар сыйақы мен 90 рейтингтік ұпайға ие болды.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!