Надаль Францияның бұрынғы спорт министрімен соттаспақ

Фотография - Надаль Францияның бұрынғы спорт министрімен соттаспақ

Мұндай қадамға барудың бұрынғы шенеуніктің спортшыны допинг қолданды деп негізсіз айыптауы себеп болып отыр.

170 0

Әйгілі испан теннисшісі Рафаэль Надаль Францияның бұрынғы спорт министрі Розелин Башелоның үстінен сотқа шағымдануға ниетті екенін мәлімдеді. Оған бұрынғы шенеуніктің спортшыны допинг қолданды деп негізсіз айыптауы себеп болып отыр. Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

Өткен аптада өзінің рұқсат етілмеген дәрі-дәрмектер қолданғанын мойындаған Ресей теннисшісі Мария Шарапованың әрекетіне байланысты Розелин Башело өз пікірін білдірген болатын. Сол кезде ол испан теннисшісінің де атын атап: "Надальдың 2012 жылы жеті ай демалыс алғаны белгілі. Оған ресми түрде мәлімделгендей жарақаты емес, тыйым салынған препараттарды қолдануы себеп болуы әбден мүмкін", – деді. Десе де, экс-министр бұл сөзіне ешқандай дәлел келтірген жоқ.

Бұған дейін өз атына айтылған мұндай жаланың сан түрін естіген Рафаэль Надаль бұл жолы шыдамының таусылғанын айтып:

"Франция сынды әлемдегі алпауыт елдердің бірінде спорт ведомствосын басқарған адам әр сөзін ойланып барып сөйлеуі керек. Мен 5 жасымнан бері осы спорт түрімен шұғылданып келемін. Содан бергі жетістіктеріме өзімнің адал еңбегімнің арқасында жеттім. Сондықтан мұндай нақақ жалаға бұдан артық төзе алмаймын. Болашақта кімде-кім мені негізсіз айыптаса, олардың әрқайсысымен соттасуға дайынмын", – деді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!