БҰҰ Мария Шараповамен арадағы серіктестікті уақытша тоқтатты

Фотография - БҰҰ Мария Шараповамен арадағы серіктестікті уақытша тоқтатты

Өткен аптада Мария Шарапованың допингке қарсы тексеру кезінде тыйым салынған мельдоний дәрісін қолданғаны анықталды.

381 0

Біріккен Ұлттар Ұйымы белгілі теннисші Мария Шараповамен арадағы серіктестікті тергеу уақыты кезінде доғару туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы eurosport.ru порталына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлайды.

"Біз Мария Шараповаға осыған дейін бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғысымызды айтамыз. Ол әсіресе, Чернобыль атом электр стансасындағы апаттан зардап шеккендерге көп көмегін тигізді. Алайда, келеңсіздіктерге байланысты тергеу уақыты кезінде Мария Шараповамен арадағы ерікті елші ретіндегі серіктестігімізді доғару туралы, әрі оның қатысуымен болатын бірқатар іс-шаралардың өтпейтіндігін хабарлаймыз", – дейді БҰҰ-ның өкілі.

Айта кетейік, өткен аптада Мария Шарапованың допингке қарсы тексеру кезінде тыйым салынған мельдоний дәрісін қолданғаны анықталды. Осыған байланысты 12 наурыздан бастап барлық жарыстардан шеттетілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!