Тоқтар Жаңғылышбай "Ақтөбеге" ауысты

Фотография - Тоқтар Жаңғылышбай "Ақтөбеге" ауысты

Ол былтырғы маусымда "Қайрат" командасында жалға ойнаған болатын

174 0

Қарағанды футболының түлегі шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбай "Ақтөбе" командасына ауысты, деп хабарлады Baq.kz.

Тоқтар соңғы бір апта көлемінде Юрий Уткульбаев жаттықтыратын командамен бірге дайындалып жүр. Жақында екі жақты келісімге келіпті. 
Тоқтар футболдағы карьерасын "Шахтер" сапында бастаған. Алғашқы ойынын 2011 жылы 21 мамырда өзінің туған күнінде "Қайратқа" қарсы өткізіп, кездесуде мергендік танытады. Былтырғы маусымда ел чемпионы «Астана» сапына ауысқанымен, негізгі құрамға іліге алмайды. Кейіннен "Қайрат" командасына жалға берілді.

2014 жылы Еуропа лигасы аясында "Шахтер" мен "Хайдук" командасы кездесуінен кейін хорватиялық команда қазақстандық шабуылшыға қызығушылық танытқан болатын. Тоқтар осы матчта гол соққан еді. Сондай-ақ Швецияның "Эрбер" командасында сынақта болды.

Ұлттық құрама сапында бір ойын өткізген. 
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!