Қазақстандағы ММА басшысы GGG туралы жалған ақпарат таратқан БАҚ-ты сынға алды

Фотография - Қазақстандағы ММА басшысы GGG туралы жалған ақпарат таратқан БАҚ-ты сынға алды

Осы арқылы қазақстандық БАҚ өз рейтінгісін жоғарлатқысы келеді деген сенімде ММА басшысы

539 0

ММА федерациясының президенті Анатолий Ким қазақстандық БАҚ-ты Генадий Головкин аралас жекпе-жекке өтпек ойы бар деген тексерілмеген ақпарат үшін сынға алды, деп жазады Today.kz.

"Шынын айтсам, мені бұл таңғалдырды, өйтені мен Генадийдің кәсіпқой бокста жақсы нәтиже көрсетіп жатқандықтан, өзге спортқа бармай-ақ қойғаны абзал деп есептеймін. Мен Федор Емельяненконың Генадийдің өз жолы бар, ол жетістікке жетті және жалпылай көпшілікке үлгі деген сөзімен келісемін. ММА-ға өтудің мәнісі жоқ", - дейді Ким.

Ол мұндай ақпаратқа секемдене қарайтынын және Генадий Головкиннің өкілдерімен хабарласып, ақпараттың дәлелсіз екенін анықтаған. Қазақстандық журналистерге мұндай ақпаратты боксермен кеңеспей шығарып керек емес, бұл әдепсіздікке жатадыдеп есептейді ММА басшысы.

Ол Головкиннің танымалдылығы арқылы қазақстандық БАҚ рейтінгін жоғарлатқысы келеді, өйткені боксер туралы кез-келген ақпарат жақсы оқылады деген сенімде. Оның үстіне бұл өз оқырмандар сыйламау және өзін өсек қана жазатын баспа ретінде көрсетіп алады деген ойда Анатолий Ким.

Ал журналистердің Головкин дегенмен ММА-ға өткен болса, оған қаншалықты қиын болады деген сұрағына, мұндай дәрежедегі спортшы үшін бұл оншалықты ауыр болмайды деп жауап берді ол.

Естеріңізге салсақ, осының алдында қазақстандық ақпарат порталдарының бірі Геннадий Головкин өзге жекпе-жек түрлерінде өз күшімді сынап көруге қарсы емеспін деген ой айтты деп хабарлама таратқан болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!