Аршавиннің "Қайратқа" өтуі мансапты әдемі аяқтау ғана екені айтылды

Фотография - Аршавиннің "Қайратқа" өтуі мансапты әдемі аяқтау ғана екені айтылды

Мұндай ойды мәскеулік "Локомотив" пен Рсей құрамасының ойыншысы Руслан Пименов айтты

564 0

Мәскеулік "Локомотив" пен Рсей құрамасының ойыншысы Руслан Пименов әріптесі Андрей Аршавиннің алматылық "Кайратқа" ауысуы жайында пікірін білдірді, деп жазады Lenta.ru

"Кайрат" еурокубокатрға қатысады, сондықтан бұл Аршавин үшін мансабын әдемі аяқтау мүмкіндігі. Мұны жетістіктеріндегі жаңа бетбұрыс деуге келмес. Өзіне жақсы команда таңдаған, таныс бапкер – Александр Бородюк, өзіне таныс ойыншылар – Анатолий Тимощук", - дейді Пименов.

Сонымен бірге Пименов, кез-келген кезде күшін жоюы мүмкін келісімге қол қойған Аршавиндікі ерлік дейді. Яғни, ол өз күшіне әлі сенімді.

Ол Аршавиннің Ресей құрамасына қайтып келуін де жоққа шығармайды: "Егер Аршавин гол сала бастаса, Кержаков сияқты құрамаға қайтып келе алады. Еегер үш айда белгілі мөлшерде гол салып, Қазақстандағы үздік ойыншы атанса, францияда өтетін Еуропа чемпионатына бара алады. Бұлай болу енді фантастикаға жақын, дегенмен спортта бәрі мүмкін".

Андрей Аршавин алматылық "Қайратпен" 18 наурызда келісімге отырған болатын. Шабуылдайтын жартылай қорғаушы клуб ойыншысының 28 нөмірлі формасын алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!