Шығыс Қазақстанда облыстық "Жұлдызша" хоккей турнирі басталды

Фотография - Шығыс Қазақстанда облыстық "Жұлдызша" хоккей турнирі басталды

Бірінші болып мұз алаңына шыққан Өскемен және Семей қалалары арасындағы ойынды облыс әкімі Даниал Ахметов тамашалады.

740 0

ШҚО-да Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» ІІІ облыстық турнирі басталды. Аймақтың әрбір аудан-қалаларынан келген 16 команда наурыздың 23-іне дейін бақ сынап, республикалық сайыста облыс намысын қорғайтын команда анықталады. 

Облыс тұрғындарына салауатты өмір мен хоккей ойынын насихаттаған ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар хоккей алаңына конькимен шықты. Турнирде бірінші ойынды өткізгейі тұрған екі команда капитандарына дәстүрлі түрде шайбаны тастап, «Жұлдызша» маусымын бастады.

– Біздің аймақ Қазақстандық хоккейдің отаны. Дәл осы мұз айдынында бағын сынап, жаттығып, облыстың кейін еліміздің намысын қорғаған бірнеше хоккейшілер шыққан. Сондықтан сіздерге де бүгінгі турнирде жеңіс пен сәттілік тілеймін, – деді Жақсылық Омар.

Жалпы саны 16 команда қатысып отырған «Жұлдызша» турнирі наурыздың 23-іне дейін жалғасады. Артынша тағы «Торпедо кубогы» турнирі өтіп, жеңіске жеткен команда республикалық чемпионатта облыс намысын қорғауға жолдама алады.


Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!