AIBA: Елеусінов пен Дычко көш басында тұр

Фотография - AIBA: Елеусінов пен Дычко көш басында тұр

Қазақстандықтар Василий Левит 900 ұпаймен – 6-шы, Антон Пинчук 700 ұпаймен 8-орынға орналасқан

444 0

AIBA боксшылардың жаңа рейтингін жариялады. 46-49 келі: Қазақстанның бірінші нөмірлі боксшысы Біржан Жақып бұл тізімде 500 ұпаймен 14-орында орналасқан. 

52 келі: Бұл салмақтағы қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев – тоғызыншы орында (850 ұпай).

 56 келі: Қайрат Ерәлиев болса 740 ұпаймен 12-сатыға жайғасқан.

 60 келі: Қазақстандықтар арасында бұл салмақтағы үздік нәтиже 400 ұпаймен 18-орында тұрған Зәкір Сафиуллинге тиесілі.

 64 келі: Ақпан айының үздік 69 боксшысының тізімінде қазақстандық бірде-бір былғары қолғап шебері жоқ.

 69 келі: Бұл салмақты қазақстандық Данияр Елеусінов көш бастап тұр. Оның жинаған ұпайы – 2000.

 75 келі: Жәнібек Әлімханұлы үздік 73 боксшының ішінде 1250 ұпаймен 4-орында тұр. Ол былтыр бірінші орында болған. 

81 келі: Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов екінші орында тұр – 1550. 

91 келі: Қазақстандықтар Василий Левит 900 ұпаймен – 6-шы, Антон Пинчук 700 ұпаймен 8-орынға орналасқан. 

+91 келі: Аса ауыр салмақты Иван Дычко көш бастап тұр. Оның жалпы ұпайы – 1640, деп жазады alaman.kz.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!