Қазақстан ұлттық құрамасы Түркияға жол тартты

Фотография - Қазақстан ұлттық құрамасы Түркияға жол тартты

Қазақстан Премьер-Лигасының екінші турынан кейін Ұлттық құрама ойыншылары 21 наурыз күні Талғардағы оқу-жаттығу базасына жиналды

372 0

Бүгін таңертең Қазақстан ұлттық құрамасы Түркияның Анталия қаласына жол тартты. Бұл жақта Ұлттық құрама Әзірбайжан футболшыларымен жолдастық матч өткізеді. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.  

 

Қазақстан Премьер-Лигасының екінші турынан кейін Ұлттық құрама ойыншылары 21 наурыз күні Талғардағы оқу-жаттығу базасына жиналды. Қазақстандық мамандар Талғат Байсуфинов, Нүркен Мазбаев, Андрей Ферапонтов және Юрий Новиков жетекшілігімен бір жаттығу өткізді. Ресейлік "Ростов" ойыншысы Стас Покатилов командаға кейін қосылды. Ал, жарақат алған шабуылшы Таңат Нөсербаевты қосымша тізімнен Алексей Щеткин ауыстырды.

Анталияға келесі құрамда ойыншылар жол тартты:

Қақпашылар: Давид Лория ("Ертіс"), Стас Покатилов ("Ростов", Ресей), Владимир Плотников ("Қайрат").
Қорғаушылар: Ғафуржан Сүйімбаев ("Ордабасы"), Дмитрий Шомко ("Астана"), Юрий Логвиненко ("Астана"), Елдос Ахметов ("Ертіс"), Сергей Малый ("Ертіс"), Мұхтар Мұхтаров ("Ордабасы"), Ермек Қуантаев ("Кайрат"), Абзал Бейсебеков ("Астана").
Жартылай қорғаушылар: Самат Смақов ("Ақтөбе"), Серікжан Мұжықов ("Астана"), Жақып Қожамберді ("Оқжетпес"), Исламбек Қуат ("Қайрат"), Асхат Тағыберген ("Астана"), Мақсат Байжанов ("Шахтер"), Ұлан Қонысбаев ("Атырау"), Тимур Досмағамбетов ("Тобыл"), Бауыржан Исламхан ("Қайрат"), Азат Нұрғалиев ("Ордабасы").
Шабуылшылар: Алексей Щеткин ("Астана"), Сергей Хижниченко ("Тобыл").

Түркияда қазақстандық футболшылар оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 26 наурыз күні Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу ойнайды. Кейін Грузия астанасы Тбилисиге жол тартып, 29 наурыз күні осы елдің құрамасымен жолдастық матч өткізеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!