Усэйн Болт: Рио менің соңғы Олимпиадам болмақ

Фотография - Усэйн Болт: Рио менің соңғы Олимпиадам болмақ

Алты дүркін Олимпиада чемпионы соңғы олимпиадасына қатыспақ

369 0

Ямайкалық жеңіл атлет Усэйн Болт 200 метр қашықтықты 19 секундта бағындырғысы келеді, деп жазды Baq.kz.

"Рио-де Жанейро менің соңғы Олимпиадам болмақ. Егер Бразилия жерінде барлық мақсатымды жүзеге асыратын болсам, тағы 4 жыл бойы мотивациямды сақтап тұру қиын. Олимпиада ойындарының ең үлкен арманым тағы да үш алтын жеңіп алу. 200 метр қашықтықты 19 секундта басып өту менің ең негізгі мақсаттарымның бірі", – дейді Болт.

Осының алдында 29 жастағы спортшы 2017 жылғы әлем чемпионатынан спорттық карьерасын аяқтағысы келетінін айтқан болатын.

Айта кетейік, Усэйн Болт алты дүркін Олимпиада чемпионы. 


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!