Сәбина Алтынбекова Жапониядан қайтып өз клубына оралды

Фотография - Сәбина Алтынбекова Жапониядан қайтып өз клубына оралды

2015 жылдың күзінде қазақстандың ең атақты фолейболшы қыз Токионың бір командасына ауысқан болатын.

475 0

Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова, сырт келбетімен көзге түсіп іраз елді дүрліктірген болатын. Алайда, Токио қаласындаға жапондық GSS Sunbeams клубында айтарлықтай жұлдызы жана қоймады. Спортшы қыз өзінің бұрыңғы командасы "Алматы" клубына қайта оралды деп хабарлайды Today.kz.

Жарты жылда, Жапонияда болған уақытында, 19-жасар спортшы қыз Токиодағы жергілікті чемпионаттың екінші дивизионында ойын көрсете алмады. Сезон басталар кезде Алтынбекова жарақат алған, содан соң формасын қалыптастырумен болған. Волейболшы қыз Жапонияға бейімделу барысында кейбір қиыншылықтарға тап болған, сондықтан токиялыө клуб қызды Қазақстанға жаттығуға жіберген. Ақпанда жапониялық чемпионат аяқталған. Сәбина Алтынбекованың командасы жалпы есепте үшінші орын алды.

Осыдан кейін "Алматы" волейбол клубы Алтынбекованы 21 наурызда Өскеменде бастау алған Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіне қатыстырды. Бірінші ойында Сәбина тек тіркеуде ғана болып қоймай, бірінші партияның соңында алмасып ойын көрсетті. Алайда Алматылық клуб "Иртыш-Казхром" 0:3 есебімен жеңіліске ұшырады.

Айта кету керек, Жапонияда сезонның аяқталуынан кейін GSS Sunbeams клубының президенті Акира Фуеки ойында қазақстандық спортшының шықпағаны үшін Сәбина Алтынбекованың фанаттарынан кешірім сұрады.Президенттің айтуынша, олар Сәбинаның тезірек бейімделуіне бар жағдайды жасаған, алайда волейболшы қыз өзін жайсыз сезінген.

Естеріңізге сала кетейік, Сәбина Алтынбекова 2015 жылдың тамыз айында жапондық клубқа ауысқан болатын. 2014 жылы Азия чемпионатының ең әдемі спортшы қыз атағын берген қытайлық журналисттердің арқасында үлкен танымалдылыққа ие болған. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!