Дияс Майами турнирінің екінші айналымына шықты

Фотография - Дияс Майами турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Майами қаласында (АҚШ) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирдің екінші айналымына шықты.

283 0

Зарина бірінші айналымда Беларусь теннисшісі Ольга Говорцованы 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты. 22 жастағы З.Дияс әлемдік рейтингте 97-інші орында болса, 27 жастағы О.Говорцова 84-інші сатыда келеді.

Екінші айналымда Зарина осы турнирдің 31-інші ракеткасы, Австралия намысын қорғап жүрген бұрынғы ресейлік Дарья Гавриловамен кездеседі. Егер оны ұтса, әлемнің бірінші ракеткасы, америкалық Серена Уильямспен кортқа шығуы әбден ықтимал.

Осы турнирде Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева, өкінішке қарай, алғашқы айналымда америкалық Николь Гиббзден 4:6, 2:6 есебімен ұтылып қалды. Осының алдында Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымында Н.Гиббз тағы бір қазақстандық Ярослава Шведованы сүріндірген болатын.

Майамиде сондай-ақ Галина Воскобоева бірінші айналымда франциялық белгілі теннисші Ализе Корнемен күш сынасады. Ал Я.Шведова іріктеу сайыстарынан өте алмады.

Еске сала кетейік, екі аптаға созылатын Майами турнирінің жүлде қоры 6,1 млн. астам АҚШ долларын құрайды. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!