Армениялық төрешілер Қазақстан - Босния және Герцеговина матчында қазылық етеді

Фотография - Армениялық төрешілер Қазақстан - Босния және Герцеговина матчында қазылық етеді

Бұл ойын 25 наурыз күні "Астана Арена" стадионында өтеді

207 0

Жастар арасындағы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан - Босния және Герцеговина матчына армениялық рефери Сурен Балиян бастаған төрешілер тобы тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.

35 жастағы армениялық төрешіге отандастары Месроп Казарян мен Эрик Аревшатян көмектеседі. Ал, төртінші төреші қызметін  Арман Алаберкян атқарады.

Матч инспекторы - Мирослав Радоман (Сербия)

Еске сала кетейік, жастар арасындағы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан - Босния және Герцеговина матчы 25 наурыз күні "Астана Арена" стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 20:00-де басталады. Ойынға кіру тегін! 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!