Криштиану Роналду футболдан сән әлеміне кетеді

Фотография - Криштиану Роналду футболдан сән әлеміне кетеді

Футболшы өзін сән саласына ранғысы келетіндігін жеткізді

503 0

Мадридтік "Реал" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футболдық мансабы аяқталған соң сән әлеміне кететіндігін айтты, жеп жазады  Today.kz футболшының Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасай отырып.

"Мен жақсы киінгенді және көрікті болып жүруді ұнатамын. Менің брендім өсіп келеді. Қазір бұл мәселе ең маңызды емес, дегенмен сән – бұл менің футболдық мансабым аяқталған кезде өзімді арнайтын сала", - дейді Роналду.

2013 жылдың қарашасында португалиялық ойыншы өзінің CR7 атты ерлер киімі мен аяқ киімдер желісін шығара бастаған. Марка атауы – футболшының аты-жөнінің инициалы мен ойынға шығатын нөмірінің жиынтығы. Былтырғы жылы желтоқсанда Роналду осы брендпен әлем бойынша қонақүйлер желісін ашпақ ниетте екенін жеткізді.

Биылғы маусымда 31 жасар шабуылшы "Реал" үшін 38 матч өткізіп, 41 гол салды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!