Зарина Дияс үшінші айналымда Серена Уильямспен кездеседі

Фотография - Зарина Дияс үшінші айналымда Серена Уильямспен кездеседі

Жерлесіміз екінші айналымда әлемнің 34-ші ракеткасы Аустралияның атынан шығып жүрген орыс қызы Дарья Гаврилованы екі сетте жеңді

201 0

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Майамиде өтіп жатқан WTA санатындағы турнирдің үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Baq.kz. 

Жерлесіміз екінші айналымда әлемнің 34-ші ракеткасы Аустралияның атынан шығып жүрген орыс қызы Дарья Гаврилованы екі сетте жеңді. Матч 1 сағат 52 минутқа созылды. Қорытынды есеп –7:5, 6:3.

Енді Зарина үшінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы америкалық Серена Уильямспен кездеседі. Ол екінші айналымда Кристина Макхэйлді ұтты (6:3, 5:7, 6:2).

Турнирдің жалпы жүлде қоры –6,1 миллион АҚШ долларын құрайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!