Елордада көркем гимнастикадан ҚР Кубогы аяқталды

Фотография - Елордада көркем гимнастикадан ҚР Кубогы аяқталды

Елордалық спортшылар 39 медаль еншіледі

280 0

Астанада көркем гимнастикадан ҚР Кубогы өтті. Жарысқа еліміздің 13 өңірінен 230 спортшы қатысты, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық спортшылар 39 медаль еншіледі: 18 алтын, 12 күміс және 9 қола.

Командалық есепте астаналық гимнастшылар 2001-2003 ж.т., 2004 ж.т. және одан кіші жас санаттарында бірінші орынға табан тіреді. Жас спорт шеберлері көпсайыстан жеке жарыста да, топтық жаттығуларда да (2001-2003 ж.т.) тұғырға көтерілді. Қалалық көркем гимнастика мектебінің шәкірттері де көпсайыстан бірінші орын алды, ал доппен жаттығуда бәсекелестеріне есе жіберді.  

- Өткен жылы ел Кубогы Қарағандыда өткен болатын, енді турнирді өзімізде елордада өткізіп жатырмыз. Елордалық гимнастшылар өз шеберліктерін көрсетті, әдеттегідей олар барлық шағын топтарда көш бастады, - деді Астана қаласының көркем гимнастикадан аға бапкері Ләйлім Омарова.

Оның айтуынша, спортшылар сәуір айының соңында Астанада ұйымдастырылатын Азия біріншілігіне қатысады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!