Головкин менімен жұдырықтасқысы келсе әлем чемпионы болуы тиіс - Мейвезер

Фотография - Головкин менімен жұдырықтасқысы келсе әлем чемпионы болуы тиіс - Мейвезер

Мейвезер қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесу дайын екенін айтты.

253 0

Өткен жылы спорттық мансабын аяқтаған чемпиондық атағын 12 мәрте қорғаған, бірде-бірде кездесуде жеңілмеген америкалық кіші Флойд Мейвезер рингке қайта оралуы мүмкін екенін айтты. 

Мейвезер қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесу дайын екенін айтты. Ол үшін жерлесіміз алдымен тағы бір америкалық Андре Уордты жеңуі керек.

"Мен Головкин менімен жекпе-жекке шығу үшін не істеу керектігін осыған дейін айтқан болатынмын. Алдымен ол Уордты жеңсін. Содан кейін ғана мен онымен жұдырықтасуға дайынмын. Әзірге оның Уордты шақырғанын көрген жоқпын",- деді Мейвезер.
Мейвезер рингке оралатын болсам, текWBC бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Дэнни Гарсиамен (32-0, 18 КО) ғана кездесетінін айтты.

"Егер мен шаршы алаңға қайта оралатын болсам, Дэнни Гарсиямен ғана кездесуі қалаймын. Өйткені ол әзірге жеңілмеген. Сондай-ақ әлем чемпионы деген атағы бар. Егер мен біреумен кездесетін болсам, міндетті түрде әлем чемпионы болуы тиіс", - деді Флойд Мейвезер.

baq.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!