"Astana Arlans" кәсіпқой бокс клубы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Фотография - "Astana Arlans" кәсіпқой бокс клубы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандықтардың қарсыласы"Puerto Rico Hurricanes" клубы болған еді

453 0

Қазақстандық "Astana Arlans" кәсіпқой бокс клубы Бүкіләлемдік бокс сериясындағы кезекті матчын Петропавлда өткізді, деп хабарлады Аламан

Астаналықтар биылғы маусымдағы төртінші кездесуін пуэрто-ликалық "Puerto Rico Hurricanes" клубына қарсы өткізді. Мардан Берікбаев (49 кг) алғашқы кездесуде Джон Ортисқа ешқандай мүмкіндік қалдырмады — 3:0 (50:46, 50:46, 50:46). Нұрсултан Көшеғұлов (56 кг) Эдгардо Оскар Ролон Вареланы таза жеңді — 3:0 (48:47, 49:46, 49:46). Ал Әбілхан Аманқұл (75 кг) Рауль Санчес Мартенді айқын басымдылықпен жеңді — 3:0 (50:45, 49:49, 49:46). Ауыр салмақта Мухамеджан Еркін (91 кг) кездесудің екінші минутында Иван Хоэль Росадо Торресті нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, матч алдында пуэрто-рикалық команда Қазақстанға 64 келіде жұдырықтасатын боксшыны алып келмеген. Сол себепті Самат Башенов алдын-ала жеңіске жеткен болатын. 

Жерлестеріміз келесі кездесуін  2 сәуір күні Өскеменде "Uzbek Tigers" командасына қарсы өткізеді



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!