Футбол: Қазақстан – Босния және Герцеговина

Фотография - Футбол: Қазақстан – Босния және Герцеговина

Ойында есеп ашылмады.

177 0

Астанада 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионаты аясында Босния және Герцеговина құрамасымен кездесіп, тең тарқасты. Бұл матчта есеп ашылмады.  

Жастар құрамасының тізгінін осыдан бір ай бұрын қазақстандық маман Вахид Масудов ұстаған болатын. Футболшы әрі бапкер ретінде де елге танымал Вахид Юнусұлының дебюттік ойыны Астанада басталды. Қарсылас – Босния және Герцеговина жастары. Сараеводағы алғашқы кездесуде жерлестеріміз жеңіске жеткен еді.  

Бұл жолы бәрі басқаша болды. Бірінші таймда Масудов сенім артқан жастар шамалары келгенше тырысты. Допқа көбірек иелік етті. Бірақ бір-бірін түсінбей жатты. Үзіліске екі команда тең тарқасты.

Екінші кезеңде жеткіншіктеріміз тіптен қарқындарын бәсеңдетіп алды. Оның үстіне Фединді алмастырған шабуылшы Георгий Макаев қызбалыққа салынып кетті. Өзін шалып құлатқан футболшыға қол ала жүгіремін деп, алаңнан қуылды. Сөйтіп, командасын қиын жағдайға қалдырып кетті.

Абырой болғанда, тең есепті матч соңына дейін ұстап қалды. Осылайша бұл ойында есеп ашылған жоқ. Екі ұпай жоғалттық па, әлде бір ұпай олжаладық па, оны өздеріңіз бағамдай беріңіздер. Енді 2 қыркүйекте Швейцарияға қонаққа барамыз.

"Өте қиын кездесу болды. Өкінішке қарай, ойдағының бәрін бірдей жүзеге асыра алмадық. Ойын көңілімізден аса шыға қойған жоқ. Қажетті нәтижеге қол жеткізуге, уақыт аз болып қалды. Дегенмен ешқайсысы аянып қалмады. Футболшыларға реніш жоқ, барын салды", – дейді Вахид Масудов.

Қазақстан U-21 – Босния және Герцеговина U-21 – 0:0 
Алаңнан қуылды: Макаев, 81 (Қ). 
Қазақстан U-21: Павлов, Рудосельский, Сартаков, Төлеев, Воменко (Құлыбеков, 83), Федин (Макаев, 75), Тұңғышбаев, Шайықов, Куксин, Ветров, Вороговский (Антипов, 68).
Босния және Герцеговина U-21: Пирич, Чивич, Саничанин, Йовичич, Мемия, Ходжич Ар., Черимагич, Милошевич (Гояк 66), Хаджиахметович, Реджич, Попович (Говедарица, 90).

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!