Абылайхан Жүсіпов ширек финалға шықты

Фотография - Абылайхан Жүсіпов ширек финалға шықты

Ол Оңтүстік Корея өкілі Лим Хенчулді жеңді

195 0

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан олимпиадалық лицензиялық турнирдің 1/8 финалында кореялық Лим Хенчулді ұтты, деп хабарлады Baq.kz.

64 келіде өнер көрсететін Қарағанды облысының тумасы екінші кездесуінде Оңтүстік Корея өкілі Лим Хенчулді 3:0 (29:28, 30:27, 29:28) есебімен ұтты. Бір айта кетерлігі, кәріс боксшысы осы турнирге қатысушылар арасында 64 келіде рейтингте бірінші орында тұрған еді. 
Жерлесіміз осының алдында 1/16 финалда Үндістан елінен келген Маножа Кумарды жеңген болатын.

 

Айта кетейік, Қытайдың Цяньань қаласында Азия құрлығы мен Тынық мұхит аймағы елдерінің боксшылары арасында Олимпиада ойындарының іріктеу турнирі өтіп жатыр. Жалпы лицензиялық турнирге Азия құрлығы мен Тынық мұхит жағалауының 41 мемлекетінен 279 боксшы қатысуда (55 әйел, 224 ер боксшы). Ерлер арасында әр салмақта үштікке енген боксшы жолдамаға иелік етеді. Әйелдер арасында 3 салмақта 2 жолдамадан жалпы 6 жолдама таратылады. Барлық жолдама саны – 36.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!