1267

Головкин-Уэйд жекпе-жегінің промо-ролигі жарияланды

Жекпе-жек 23 сәуірде Лос-Анджелестегі "The Forum" аренасында өтеді.
Фотография - Головкин-Уэйд жекпе-жегінің промо-ролигі жарияланды

НВО телеарнасы орта салмақта сынға түсіп жүрген кәсіпқой боксшы, IBO, IBF және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен титулға үміткер Доминик Уэйд арасында өтетін жекпе-жекке арналған промо-ролик жариялады, деп хабарлайды  BNews.kz.

Жекпе-жек 23 сәуірде Лос-Анджелестегі "The Forum" аренасында өтеді.

Айта кетсек, былтыр қазанда отандасымыз Давид Лемьемен қолғап түйістіріп, кезекті жеңісіне қол жеткізген еді. Ал америкалық боксшы Доминик Уэйд соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың маусымында шықты.