Елорда көктемгі су тасқынына дайындалуда

Фотография - Елорда көктемгі су тасқынына дайындалуда

Жалпы, су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр

185 0

Көктемде елордада кейбір аудандарда су тасқыны болу қаупі туындап, су басуы мүмкін. Қазіргі кезде қаладағы су тасқыны болуы ықтимал учаскелердің картасы әзірленді. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті су тасқынын жою үшін 309 адамнан тұратын топ құрды, сондай-ақ, 49 бірлік техника, 12 жүзу құралы мен тікұшақ тартылмақ, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы, су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес, адамдар көп жүретін 266 нысанда қар тазалау жұмыстары аяқталды.

Астана қаласының Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару отряды Есіл және Ақбұлақ өзендерінде мұз жағдайын бақылау және жағаны патрульдеу бойынша кезекшілік етеді.

Төтенше жағдайдың орын алу қаупі болған жағдайда қалалық коммуналдық қызметтерде, шаруашылық органдарда, тәртіпті қорғау органдарында бақылау бекеттерінде тәулік бойы кезекшілік пен бақылау мәліметтері мен ақпараттарды жедел түрде өңдеу, жағдайды бақылау және оның үрдісін болжау ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, су тасқыны салдарын жоюға қосымша 125 адамнан тұратын жедел әрекет ету отряды, 48 бірлік инженерлік техника (бульдозер, экскаватор, кран, тиегіш пен КамАЗ) тартылмақ.

Департамент қызметкерлері азаматтарды су тасқынының қаупі мен су басуға қарсы күрес шаралары туралы хабардар ету мақсатында рейдтер өткізуде. ТЖД су тасқыны кезіндегі әрекеттер туралы жадынамалар басып шығарды. Жедел ақпаратты тұрғындарға жеткізу үшін қалалық хабардар ету жүйесі дайындалды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!