Қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты

Фотография - Қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты

Абылайхан Жүсіпов ширек финалында аустралиялық Дэвид Биддлды ұтты.

291 0

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан олимпиадалық лицензиялық турнирдің ширек финалында аустралиялық Дэвид Биддлды ұтты.  

Жүсіпов Қытай шаршы алаңындағы үшінші кездесуінде аустралиялық Дэвид Биддлды 3:0 (30:25, 30:26, 30:27) есебімен жеңді.

64 келіде өнер көрсететін жерлесіміз үш раунд бойы басымдық танытты. Осылайша ол жартылай финалға шықты. Егер жартылай финалда жеңіске жететін болса, Олимпиада жолдамасына иелік етеді.

Қарағанды облысының тумасы осының алдына Үндістан елінен келген Маножа Кумарды және Оңтүстік Корея өкілі Лим Хенчулді ұтқан болатын.

Айта кетейік, Қытайдың Цяньань қаласында Азия құрлығы мен Тынық мұхит аймағы елдерінің боксшылары арасында Олимпиада ойындарының іріктеу турнирі өтіп жатыр. Жалпы лицензиялық турнирге Азия құрлығы мен Тынық мұхит жағалауының 41 мемлекетінен 279 боксшы қатысуда (55 әйел, 224 ер боксшы). Ерлер арасында әр салмақта үштікке енген боксшы жолдамаға иелік етеді. Әйелдер арасында 3 салмақта 2 жолдамадан жалпы 6 жолдама таратылады. Барлық жолдама саны – 36. 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!