Дычко Қытайдағы турнирде қарсыласын бірінші раунда нокаутқа жіберді

Фотография - Дычко Қытайдағы турнирде қарсыласын бірінші раунда нокаутқа жіберді

Дычко Қытайдағы алғашқы кездесуінде Жаңа Зеландиядан келген Патрик Майлатамен кездескен

155 0

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан олимпиадалық лицензиялық турнирдің ширек финалында Жаңа Зеландия өкілі Патрик Майлатаны ұтты.

Дычко Қытайдағы алғашқы кездесуінде Жаңа Зеландиядан келген Патрик Майлатамен кездескен. Қазақстандық боксшы бірінші раундта-ақ нокаутқа түсіріп, жартылай финалға өтті.

Осының алдында Абылайхан Жүсіпов мен Әділбек Ниязымбетов жартылай финалға жолдама алған болатын. Бүгін сондай-ақ Олжас Сәттібаев, Жәнібек Әлімханұлы, Қайрат Ералиев, Дариға Шәкімова, Назым Ищановалар ринге шығатын болады.

Айта кетейік, Қытайдың Цяньань қаласында Азия құрлығы мен Тынық мұхит аймағы елдерінің боксшылары арасында Олимпиада ойындарының іріктеу турнирі өтіп жатыр. Жалпы лицензиялық турнирге Азия құрлығы мен Тынық мұхит жағалауының 41 мемлекетінен 279 боксшы қатысуда (55 әйел, 224 ер боксшы). Ерлер арасында әр салмақта үштікке енген боксшы жолдамаға иелік етеді. Әйелдер арасында 3 салмақта 2 жолдамадан жалпы 6 жолдама таратылады. Барлық жолдама саны – 36.


Baq.kz 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!