Абылайхан Жүсіпов Олимпиада жолдамасын еншіледі

Фотография - Абылайхан Жүсіпов  Олимпиада жолдамасын еншіледі

64 келіде өнер көрсететін жерлесіміз үш раунд бойы басымдық танытты

188 0

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан олимпиадалық лицензиялық турнирдің жартылай финалында шаршы алаң қожайыны Цянксун Худы ұтып, Олимпиада жолдамасына иелік етті, деп хабарлады Baq.kz.

Жүсіпов жартылай финалда Қытай боксшысын 3:0 (30:27, 30:27, 30:27) есебімен ұтты. 64 келіде өнер көрсететін жерлесіміз үш раунд бойы басымдық танытты.

Қарағанды облысының тумасы бұған дейін Үндістан елінен келген Маножа Кумарды және Оңтүстік Корея өкілі Лим Хенчулді және ширек финала финалында аустралиялық Дэвид Биддлды ұтқан еді.


 Абылайхан Жүсіпов 1997 жылдың 10 қаңтарында Қарағанды облысы Абай ауданында дүниеге келген. Ол 8 жасынан бокспен айналысады. Абай Құнанбайұлы атындағы №5 гимназия мектебінің түлегі. 2013 жылы Қарағанды қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде алтыннан алқа тақса, сол жылы Азия (Шымкент қ.) және әлем чемпионатында (Киев қ.) 57 келі салмақ дәрежесінде топ жарды. Ал 2014 жылы Германияда ұйымдастырылған Бранденбург кубогінде «А» дәрежесі бойынша жеңімпазы атанады. Сонымен қатар Бангкокте жастар арасында өткен Азия біріншілігінде 60 келі салмақта 1-орын иеленіп, «Азияның ең үздік боксшысы» атағын алды.  Сол жылы жастар арасында әлем чемпионатында (София қ.) барлық қарсыласынан басым түсіп, ел тарихында әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Қытайдың Нанкин қаласында өткен жасөспірімдера арасындағы Олимпиада ойындарында топ жарған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!