"Медеу" Алматыда өтетін Универсиаданы ерекшелендіретіні сөзсіз

Фотография - "Медеу" Алматыда өтетін Универсиаданы ерекшелендіретіні сөзсіз

Бұл туралы Голландия елі делегациясының басшысы Джульс Верикен айтты

180 0

Голландия елінің спортшылары "Медеу" шатқалындағы сырғанау кешенінде өз өнерлерін көрсету үшін, Алматыда өтетін қысқы Универисада ойындарын тағатсыздана күтіп жүр. Бұл туралы Голландия елі делегациясының басшысы Джульс Верикен, www.almaty2017.com сайтына берген сұхбатында айтып өтті.

Фото -

"Біз әсем қала Алматыда өтетін ойындарды асыға күтеміз. Алматыда өтетін Универсиада ойындарын әлемдік рекордтар қойылған биік таулы "Медеу" кешені мен Атлеттер қалашығы ерекшеліп тұрғаны сөзсіз", -деді Джульс Верикен. 

Алдын ала хабарлағандай, Голландия елінен 20 студент-спортшы Универисадаға қатыспақ. Және бұл жарыс олар үшін деңгейі биік жарыстардағы үлкен тәжірибе жинақтауына үлкен септігін тигізеді.

"Мен біздің спортшылардың жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған жарыстан көп тәжірибе жиинақтайды деп үміттенемін. Сонымен қатар дәстүраралық қатынастар мен студенттердің бір–бірімен тәжірибе алмасуы да керек",-деп аяқтады өз сөзін, Голландия елінің делегация басшысы Джульс Верикен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!