Дариға Шәкімова бокстан Олимпиада жолдамасына иелік етті

Фотография - Дариға Шәкімова бокстан Олимпиада жолдамасына иелік етті

Жартылай финалда 75 келідегі спортшымыз Солтүстік Корея өкілінің спортшысы Ун Жангты жеңді

174 0

Қазақстандық боксшы қыз Дариға Шәкімова Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан олимпиадалық лицензиялық турнирдің жартылай финалында Солтүстік Корея елінің өкілі Ун Жангты ұтып, Рио-де Жанейро Олимпиадасына жолдама иеленді, деп хабарлады Baq.kz.

Жартылай финалда 75 келідегі спортшымыз Солтүстік Корея өкілінің спортшысы Ун Жангты 3:0 (39:37, 39:37, 39:37) есебімен жеңді. 
Осылайша Дариға қазақстандық боксшы қыздардың арасында алғаш болып, Олимпиада жолдамасына қол жеткізді.

Айта кетейік, осының алдында Абылайхан Жүсіпов пен Жәнібек Әлімханұлы Олимпиада жолдамасына иелік еткен болатын. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!