Олжас Сәттібаев жартылай финалда сүрінді

Фотография - Олжас Сәттібаев жартылай финалда сүрінді

Дегенмен, Олжас Сәттібаевтің олимпиада жолдамасын алуға әлі де мүмкіндігі сақтаулы

574 0

Қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан Азия мен мұхиттық елдер арасындағы Олимпиадаға іріктеу турнирінің жартылай финалында сүрінді, деп хабарлады alzhan.kz сайты.

Ол 52 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда қытайлық боксшы Жиангван Хуға есе жіберді. Төрешілер 3:0 (30:27, 30:27, 30:27) есебімен шаршы алаң иесін жеңімпаз ретінде таныды.

Олжас Сәттібаев Рио Олимпиадасының жолдамасынан үміт үзген жоқ. Қосымша жекпе-жекте жеңіске жетіп, жолдамаға ие болуына зор мүмкіндік бар. Қарсыласы – қырғыз боксшысы Азат Үсенәлиев. Ол өз кезегінде жартылай финалда өзбек боксшысы Шахобиддин Зоировтан айласын асыра алмады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!