GGG: Келесі жекпе-жегімді Канело немесе Сондерспен өткізгім келеді

Фотография - GGG: Келесі жекпе-жегімді Канело немесе Сондерспен өткізгім келеді

Геннадий Головкин UCNLive пен сұхбаттасқан.

322 0

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) UCNLive-ке берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен британдық Билли Джо СОндерпен кездескісі келетіні туралы айтты.  

– Геннадий, осыдан екі ай бұрын баспасөз мәжілісінде Доминик Уэйд туралы не білесің деп сұраған едім. Сол сұрақты тағы қойғым келеді?

– Мен ол туралы көп білмеймін. Бұл мен үшін маңызды кездесу болмақ. Жалпы маған бүгінгі таңда барлық жекпе-жегім маңызды. Доминик – қарымды қарсылас, жақсы проспект. Бұл кездесудің оңай болмайтыны анық. Бірақ мен барлығына дайынмын. Осы жекпе-жекке қатты дайындалып жатырмын. Сондай-ақ қайсымен болсын кездесуге дайын екенімді айтқым келеді.

– Жеке бапкеріңіз Абель Санчес Уэйд туралы не айтты? 

– Бапкерім бұл боксшыны аса еңбекқор емес деді. Сондай-ақ мынандай ойларын айтты: "Доминик Уэйд – қатардағы қарапайым қарсыластардың біреуі емес. Ол сенің осыдан бес жыл бұрынғы кезіне қатты ұқсайды. Оның дәл қазіргі жағдайы сенің сол кездегі дәрежеңмен бірдей. Доминик жас, жеңіске деген жігері жоғары. Уэйд бұл кездесудің өмірінде қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді. Жақсы ақша табуына болады. Жалпы бұл жекпе-жек ол үшін жаңа мүмкіндік"

– Геннадий сіз барлық титулды ұтып алуға тырысып жүрсіз. Сәуірде өтетін бұл жекпе-жекті осы қадамның алғашқы баспалдағы деп санайсыз ба?

– Иә, әрине. Әрбір жекпе-жек мен үшін маңызды. Келесі кездесу бұрынғыдан өзгерек болады деп сенемін. Бәлкім Сондерс немесе "Канеломен" кездесіп қалармын.

– Егер Альварес өзінің кездесуін ұтса, WBC титулын қорғауды немесе тапсыруды талап ететін болады. Сауль белбеуін береді ме? әлде сізбен келесі жылы кездеседі ме? 

– Мен "Канеломен" шаршы алаңда жолыққым келеді. Өзіңіз білесіз, Сауль ұлы чемпион. Оның есімі мен үшін маңызды. Басқалар үшінде солай. Мен дәл осындай атақты боксшылармен кездесуді қалаймын.

– Сауль Альварес тек 155 фунтта ғана кездескісі келетінін айтты. Бұған не айтасыз?

– Менің салмағым ауыр емес. Мәселе салмақта тұрған жоқ. Мүмкін 164-165 фунтта кездессек болады. Орта салмақ – 160 фунт.Егер ол 155 фунтта жолыққысы келсе, өзі білсін. Мен 160 фунттан төмен түспеймін.

– Доминик Уэйдтен кейін биылғы жылға қандай жоспарыңыз бар? Тағы бірнеше кездесу өткізгіңіз келеді ме?

– Алдымен Альварес пен Хан жекпе-жегінің нәтижесін күтемін. Одан кейін Саульде тек апта уақыт бар. Содан соң WBC түпкілікті шешімді қабылдайды. Қандай жағдай болса да, мен келесі кездесуге жоспарларым бар. Маған тиімдісі жылына 3-4 кездесу өткізу. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!