Месси АҚШ президентінің қыздарына қолтаңба қойған футболкалар сыйлады

Фотография - Месси АҚШ президентінің қыздарына қолтаңба қойған футболкалар сыйлады

Аргентина құрамасының футболкаларында президент қыздарының аты да жазылған

441 0

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси өз қолтаңбасы бар футболкаларды АҚШ президенті Барақ Обаманың қыздарына сыйлады, бұл туралы Аргентина құрамасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Today.kz.

Ақ үй басшысы Аргентинаға сапары барысында оның Малия мен Саша атты қыздары Мессимен кездескісі келетіндігін айтқан, ал бұл кезде футболшы Чилиде еді. Кездесу мүмкін болмағандықтан Месси өз қолтаңбасы қойылған және қыздардың аты жазылған бар футболкаларды жолдады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!