"Реал" "Барселонаны" "Камп Ноуда" ұтып кетті

Фотография - "Реал" "Барселонаны" "Камп Ноуда" ұтып кетті

Испания біріншілігінде "Барселона" он ұпай айырмашылығымен көш бастапкеле жатқан

1713 0

Испания премьер лигасының 31 тур аясында "Реал" мен "Барселона" кездесіп мадридтік команда жеңіске жетті. Ойында алғашқы голды каталондықтар салғанымен мадридтік клуб ойыншылары Бензема мен Криштиану Роналду бір –бір голдан соғып командаларына жеңіс алып келді. Бұл кездесуден кейін көш басындағы каталондық командамен "Реал" арасындағы ұпай айырмашылығы жеті ұпайға дейін қысқарды.Сондай ақ, "Барселонаның" барлық турнирлердегі ұтылмай келген жеңісті сериясы үзілді. Олар  39 ойын қатарынан ұтылмаған болатын. Испания біріншілігігің аяқталуына жеті тур қалды.

"Барселона"-«Реал" 1:2

Гол соққандар: Пике, 56 (1:0). Бензема, 62 (1:1). Криштиану Роналду, 85 (1:2).

"Барселона": Браво, Дани Алвес, Маскерано, Пике, Жорди Альба, Иньеста, Серхио Бускетс, Ракитич (Арда Туран, 74), Месси, Суарес, Неймар.

"Реал" (Мадрид): Навас, Карвахаль, Серхио Рамос, Пепе, Марселу, Каземиру, Модрич, Кроос, Бэйл (Лукас, 90+1), Бензема (Хесе, 78), Криштиану Роналду.

Ескерту алғандар: Серхио Рамос, 10. Карвахаль, 18. Суарес, 27. Маскерано, 29. Ракитич, 58.

Алаңнан қуылды: Серхио Рамос, 83.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!