ФИФА президенті: Қазақстан 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ынталы

Фотография - ФИФА президенті: Қазақстан 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ынталы

ФИФА-ның жаңа тағайындалған президенті 2030 жылғы әлем біріншілігін Уругвай және Аргентинада өткізуді ұсынды.

335 0

ФИФА президенті Джанни Инфантино Уругвайға барған іс-сапарында 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтініш берген мемлекеттер туралы айтты.  

ФИФА-ның жаңа тағайындалған президенті 2030 жылғы әлем біріншілігін Уругвай және Аргентинада өткізуді ұсынды. Бұл идеяны ел президенті Табаре Баскес те қолдады. Өйткені бұл екі елдің футболшылары осыдан 100 жыл бұрын алғаш рет ұйымдастырылған мундиальдың финалында кездескен.

"Алайда біз бірінші кезекте 2026 жылғы әлем чемпионатын ойлауымыз қажет. Бұл чемпионатты өткізуге Канада, Мексика, Колумбия, Марокко, АҚШ, Англия, Қазақстан, сондай-ақ Аустралия мен Жаңа Зеландия және Түркия мен Әзірбайжан бірлесіп өткізуге ұсыныс жасады. Бірақ олардың ішінде барлығы бірдей ресми емес", – дейді Инфантино. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!