"Қайраттың" бас бапкері Александр Бородюк қызметінен кетті

Фотография - "Қайраттың" бас бапкері Александр Бородюк қызметінен кетті

"Қайрат" Қазақстан чемпионатының алғашқы үш турының қорытындысы бойынша екі рет жеңіліп, бір рет тең түсті

297 0

Алматының "Қайрат" командасының бас бапкері Александр Бородюк қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Baq.kz хабарлайды. 

"Клуб басшылығы ресейлік маманды қалдыруға тырысқан болатын. Алайда Александр Бородюк қызметінен кету туралы шешім қабылдады. "Қайрат" клубы осы уақытқа дейін істеген жұмысына алғыс білдіріп, әріқарай табыс тілейді", – дейді баспасөз хабарламасында.

"Қайрат" Қазақстан чемпионатының алғашқы үш турының қорытындысы бойынша екі рет жеңіліп, бір рет тең түсті. Команда қоржынында әзірге жалғыз ұпай бар. Айта кетерлік бір жайт, 8 наурызда Александр Бородюк "Қайрат" командасымен алғаш рет Қазақстан суперкубогын ұтып алған еді.

"Қайрат" жексенбі күні Оралда "Ақжайықтан" жеңілгеннен кейін Александр Бородюк бар жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтқан болатын. 

Еске сала кетейік, Александр Бородюк бапкерлік карьерасын 2001 жылы «Крылья Советов» командасынан бастаған. Одан кейін Ресей жастар құрамасын жаттықтырды. Сосын Гус Хиддиник, Дик Адвокат секілді голландиялық бапкерлер Ресей құрамасының бас бапкері болғанда, аға жаттықтырушы қызметін атқарды. Ал 2013 жылы мәскеулік "Торпедоны" Ресейдің Премьер-лигасына алып шықты. "Қайратпен" 3 жылдық келісімшартқа қол қойған еді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!