Қазақстан футзалдан әлем чемпионатын өткізуге ниетті

Фотография - Қазақстан футзалдан әлем чемпионатын өткізуге ниетті

Қазақстан 2020 жылғы әлем біріншілігін қабылдап қалуы мүмкін

288 0

Қазақстан футзалдан 2020 жылы өтетін әлем чемпионатын өткізуге қызығушылық танытқан. Бұл туралы ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап Аламан  хабарлады. 

Қазақстаннан бөлек әлем чемпионатын өткізуге Коста-Рика, Хорватия, Чехия, Египет, Грузия, Иран, Жапония,  Литва, Нидерланды, Жаңа Зеландия, БАӘ және АҚШ ниет білдірген. Аталған мемлекеттер 6 мамырға дейін ФИФА-ға өз кандидатураларын ұсынуы тиіс.

2016 жылғы әлем чемпионаты Колумбияда өтеді. Бұл сынға қатысуға Қазақстан да үміткер. Бір жолдамаға біздің футзалшылар Польшамен таласып жатыр. Сыртта өткен матч 1:1 есебімен аяқталған. Қарымта матч 12 сәуірде Алматыда өтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!