Танымал спортшылар оқушылармен дене тәрбиесі сабағын өткізді

Фотография - Танымал спортшылар оқушылармен дене тәрбиесі сабағын өткізді

"Физкульт-Ура!" жобасының басты міндеті – жасөспірімдердің салауатты өмір салты мен спортқа деген қызығушылығын ояту

497 0

7 сәуірде аталып өтілетін Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні аясында №56 мектепте әдеттен тыс дене тәрбиесі сабағы өтті. Әртүрлі жастағы оқушылар еліміздің танымал спортшыларының және кәсіпқой фитнес нұсқаушылардың жетекшілігімен жаттығулар орындады , деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Физкульт-Ура!" жобасының басты міндеті – жасөспірімдердің салауатты өмір салты мен спортқа деген қызығушылығын ояту. Жыл бойы спорт жұлдыздары елордалық мектептерде 25 сабақ өткізеді. Бүгін дене тәрбиесі сабағында олимпиада чемпиондары Юрий Мельниченко мен Ермахан Ыбраимов мұғалім болды.

– Бұл толығымен әлеуметтік жоба, біз өз атымызды шығаруға тырыспаймыз, балаларға, өскелең ұрпаққа дене тәрбиесінің әр баланың өмірінде маңызды екендігін көрсетпекпіз. Мектептерде оқытылатын сабақтар қызық, ұдайы жетілдіріліп отыруы керек. Егер мектептен шыққанда сау болса, кәмелеттік жасқа толғанда өз жолдарын өздері таңдайтын болады – біреуі өнер, біреуі мәдениет жолына түссе, басқалары кәсіптік спорттық дағдыларын дамытатын болады, – деді олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко.

Сабақта спортшыларға қаладағы үздік фитнес-нұсқаушылар да көмектесті. Олардың пікірінше, сабақты қызықты әрі тиімді өткізу үшін аса қымбат қондырғылар, залдарды арнайы жарықтандырудың қажеті жоқ, ойын технологиялары мен элементтерін қолданса да жеткілікті.

Фото -

Сабақтан кейін оқушыларға танымал спортшылардың қолы қойылған күнтізбелер таратылды.  

– Бүгін атақты спортшылар көп келіп отыр. Мен өте қуаныштымын, олар бізге әдемі жаттығулар көрсетуде. Меніңше, олар бұл жаттығуларды біздің де олар сияқты атақты, мықты, батыл болсын деп үйртіп жатыр, – дейді Әсет Жедебаев.

Шараны ұйымдастырушы – "Астана" президенттік кәсіптік спорт клубы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және елорда әкімдігі – аталған жобаға еліміздің өзге де өңірлері қолдау көрсетеді деп үміттенеді.

Айта кетейік, Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай жыл сайын флешмобтар, жүгіру мен түрлі акциялар ұйымдастырылады. Биыл 7 сәуірде барлық қалалық емхана мен ауруханаларда біруақытта жаттығу жасалады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!