Александр Бородюктің "Қайраттан" кетуіне не түрткі болды?

Фотография - Александр Бородюктің "Қайраттан" кетуіне не түрткі болды?

Клуб басшылығы ресейлік маманды ұстап қалуға қанша тырысқанымен Бородюк алған бетінен қайтпайтынын жеткізіпті.

261 0

Алматылық "Қайрат" клубының бас бапкері Александр Бородюк өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды BNews.kz.

Клуб басшылығы ресейлік маманды ұстап қалуға қанша тырысқанымен Бородюк алған бетінен қайтпайтынын жеткізіпті.

"Қайрат" ұжымы Александр Генриховичке бүгінге дейін клубқа сіңірген еңбегі үшін алғысын білдіреді және алдағы жұмысында табыс тілейді", - деп жазылған клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бородюктің "Қайраттан" кететіні жайлы сыбыстар алматылықтардың "Ақжайықтан" 1:2 есебімен жеңілгенінен кейін тарай бастады. Биылғы маусымда үш ойын өткізген алматылық клубтың активінде бар болғаны бір ғана ұпай бар.

Айта кетейік, "Қайраттың" бас бапкерлігіне 28 желтоқсанда тағайындалған Бородюк клуб сапында 3 жыл қызмет етуі тиіс болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!