Юлия Путинцева Винус Уильямсты жеңді

Фотография - Юлия Путинцева Винус Уильямсты жеңді

Бұл қос теннисші арасындағы төртінші кездесу болатын.

290 0

Әлемнің  61-ракеткасы Юлия Путинцева Чарльстонда (АҚШ) өтіп жатқан теннис турнирінің үшінші кезеңінде америкалық, әлемнің 14-ракеткасы саналатын Винус Уильямсты жеңді . Есеп - 7:6, 2:6, 6:4. Үш сағатқа созылған матчта Путинцева екі эйс, алты брейк жасады. Ал Уильямстың еншісінде — екі эйс, алты брейк, деп хабарлады Аламан.

Путинцева өз карьерасында Винус Уильямсты алғаш рет жеңіп отыр. Екі теннисші осыған дейін үш рет кездесіп, үшеуінде де америкалық теннисші жеңіске жетіп келген.

Қазақстандық теннисші енді ширек финалда италиялық Сара Эрранимен кездеседі. Эррани екінші айналымда тағы бір қазақстандық Ярослава Шведованы жарыстан шығарған. Чарльстондағы жарыс 10 наурызда аяқталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!