Әкім Иван Дычкоға миллион теңге табыстады

Фотография - Әкім Иван Дычкоға миллион теңге табыстады

Облыс әкімі Қостанайдағы қаладағы ең белгілі спорт залында болып, жас боксшылардың жағдай жасалған жерде дайындалуы керектігін атады

188 0

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов таяуда Қытайда өткен лицензиялық турнирде топ жарған боксшы Иван Дычкоға 1 миллион теңгені табыс етті. Бұл қаржыны аймақ басшысы былғары қолғап шеберіне тамыз айында өтетін олимпиада ойындарына дайындалу үшін беріп отыр, деп хабарлады Baq.kz.

Облыс әкімі Қостанайдағы қаладағы ең белгілі спорт залында болып, жас боксшылардың жағдай жасалған жерде дайындалуы керектігін атады. 
"Бұл залдың жағдайы мәз емес. Мұнда жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңадан тренажерлер сатып алынуы керек», - деп нұсқау берген. 
Қостанай облыстың "Алау.кз" порталының жазуынша, әкім аялдаған зал жекеменшікке тиесілі. Сонымен қатар, банктердің біріне кепілге қойылған екен. А.Мұхамбетов жерлігікті шенеуніктерге мәселені шешуді тапсырып, 2 ай ішінде реттеу керектігін айтқан. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен 5 миллион теңге бөліп, жаңа жабдықтар алынатындығына уәде берді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!