Мамыр айында Дзюдо академиясы пайдалануға беріледі

Фотография - Мамыр айында Дзюдо академиясы пайдалануға беріледі

Академия халықаралық дәрежеде оқу-жаттығулар, шетелдік мамандардың қатысуымен семинарлар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру көзделген

116 0

Мамыр айында Алматы қаласында салынып жатқан Дзюдо академиясы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа дзюдо академиясы барлық халықаралық талаптарға сай болады. Спорт кешенінде 4 татамиге арналған зал, тренажер залы, 100 адамға арналған жатақхана мен асхана орналасады. Оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының ғана спортшылары емес, осы спортқа енді қызығушылық танытқан жеткіншектер де жаттығады. Сонымен қатар, академияда оқу-жаттығулар, шетелдік мамандардың қатысуымен семинарлар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру көзделген.

Дзюдо академиясы Алматы қаласында салынып жатыр. Академияның салтанатты түрде ашылу рәсімі 13 — 15 мамыр аралығында өтеді. Осы кезде "Grand Prix" жарысын өткізу жоспарланған.

Шараға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысады деп күтілуде.

"Салтанатты ашылу рәсімінің өтетін күні мен уақытын қосымша хабарлаймыз", делінген Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің хабарламасында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!