"Астана" өз алаңында "Тараздан" басым түсті

Фотография - "Астана" өз алаңында "Тараздан" басым түсті

"Астана" командасы қатарынан төртінші ойында жеңіске жетті

248 0

Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 4-туры шеңберіндегі ойындар ойналды. Бұл туралы egemen.kz  хабарлады.

"Астана" (Астана) – "Тараз" (Тараз) 2:1

Голдар: Таңат Нөсербаев 21, Дмитрий Шомко 81 – Игорь Зенькович 49.

"Астана" командасы қатарынан төртінші ойында жеңіске жетті. Өз алаңында өнер көрсеткен Станимир Стойловтың шәкірттері кезекті үш ұпайына қол жеткізді. Жүйелі ойын көрсетіп, "Тараз" командасынан басым түсті. Алғашқы таймның өзінде бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, үзіліске дейін бір-ақ гол соқты. Бұл доптың авторы, команда капитаны – Таңат Нөсербаев.

Екінші таймда жаттықтырушы Нұрмат Мырзабаевтан жаңа нұсқау алған "Тараз" командасының ойыншылары қарсыластарын қыспаққа алып, жаңа бір деңгейдегі ойын көрсетті. Шабуылдардың бірінде ұрымтал тұсты ұтымды пайдалана білген Игорь Зенькович таразы басын теңестіріп кетті. Осыдан соң "Астана" ойыншылары қаншама шабуылдаса да, екінші голды кездесудің аяқталуына он минуттай уақыт қалғанда ғана соқты. Марин Аничичтің тамаша пасын голға айналдырған Дмитрий Шомко кездесудің соңғы добын соқты.

Ал қалған матчтардың нәтижесі төмендегідей

"Ордабасы" (Шымкент) – "Тобыл" (Қостанай) 2:2

Голдар: Мардан Төлебек 5, Абдулай Диакате 66 – Томаш Шимкович 21, Нұрбол Жұмасқалиев 94.

"Шахтер" (Қарағанды) – "Ертіс" (Павлодар) 0:2

Голдар: Георгас Фредгеймас 26, Семир Керла 58.

"Ақжайық" (Орал) – "Оқжетпес" (Көкшетау) 0:2

Голдар: Әлібек Бөлешев 25, Ристо Ристович 93.

"Атырау" (Атырау) – "Қайрат"(Алматы) 0:1

Гол: Жерар Гоу 58.

"Ақтөбе" (Ақтөбе) – "Жетісу" (Талдықорған) 3:2

Голдар: Самат Смақов 15, Никита Бочаров 25, Тоқтар Жаңғылышбай 86 – Мартин Кляйн 52, Душан Савич 89.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!