Путинцева әлемдік рейтингте сегіз сатыға жоғарылады

Фотография - Путинцева әлемдік рейтингте сегіз сатыға жоғарылады

Юлия Путинцева өз карьерасында алғаш рет Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) түзген рейтингінде 53-ші сатыға жоғарылады.

518 0

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева өз карьерасында алғаш рет Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) түзген рейтингінде 53-ші сатыға жоғарылады.  

Путинцева өткен аптада Чарльстондағы турнирдің ширек финалына дейін жеткен еді. АҚШ жерінде әлемнің экс-бірінші ракеткасы Винус Уильямсті жеңген болатын. Осының арқасында жерлесіміз 8 сатыға жоғарылады. Қазір рейтингте 53-ші орында тұр.
Өзге қазақстандықтардан Ярослава Шведова екі саты төмендеп, 72-ші орынға жайғасты. Зарина Дияс бұл аптаны 87-ші орынмен түйіндеді.

Ал үздік ондықта Серена Уильямс, Агнешка Радваньска, Ангелика Кербер, Гарбинье Мугуруса, Виктория Азаренко, Симона Халеп, Петра Квитова, Роберта Винчи, Мария Шарапова, Белинда Бенчич бар. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!