Оңтүстік Қазақстанның 14 спортшысы Олимпиадаға жолдама алды

Фотография - Оңтүстік Қазақстанның 14 спортшысы Олимпиадаға жолдама алды

Алдағы уақытта спортшыларымыз ауыр және жеңіл атлетикадан сынға түсіп, қоржынымызды тағы да бірқатар жолдамаларға толтыру көзделуде

128 0

Биылғы жылы Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін лицензиялық жарыстарда облыс спортшылары жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, жолдаманы ұтып алған спортшыларымыздың қатары 14-ке жетті. ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен. 
 

Алдағы уақытта спортшыларымыз ауыр және жеңіл атлетика спорт түрлері бойынша сынға түсіп, қоржынымызды тағы да бірқатар жолдамаларға толтыру көзделуде. Осылайша, Олимпиада ойындарына ұлттық құрама сапында 15-тен астам оңтүстікқазақстандық спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс спортшылары Әлем чемпионаттары мен Кубоктарына қатысып, 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алса, Азия чемпионаттарында 2 күміс және 2 қола медальге ие болды.

Өңірдің оғландары осы уақыт аралығында 59 спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 201 алтын, 182 күміс, 219 қола медальға қол жеткізді.

Оңтүстік Қазақстан облысынан спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негізі құрамында 411 спортшы, жастар құрамасында 415 спортшы, жасөспірімдер құрамасында 263 спортшы, жалпы 1089 спортшы бекітілген. 
Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама сапына енген 110 спортшыға ай сайын стипендия төленуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!