Головкин мен Уэйдтің жекпе-жегін "Қазақстаннан" тамашалауға болады

Фотография - Головкин мен Уэйдтің жекпе-жегін "Қазақстаннан" тамашалауға болады

Геннадий Головкин – Қазақстан мақтанышы. Ол әуесқой бокста 350 кездесу өткізіп, 345 жекпе-жегінде жеңіске жеткен

247 0

"Қазақстан" телеарнасы Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді.

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин 23 сәуір күні (Астана уақытымен 24 сәуір) америкалық боксшы Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жекке шығады. Кездесу АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы "Форум" аренасында өтеді.
Жекпе-жекті 24 сәуірде 07.20-дан бастап "Қазақстан" Ұлттық телеарнасымен kaztrk.kz сайты тікелей эфирде көрсетеді.
Геннадий Головкин – Қазақстан мақтанышы. Ол әуесқой бокста 350 кездесу өткізіп, 345 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. 2000 жылғы жастар және 2003 жылғы ересектер арасындағы Әлем чемпионы, 2002 жылғы Азия ойындары мен 2004 жылғы Азия чемпионы. Сондай-ақ, 2004 жылғы Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері.
Геннадийдің осыған дейін австралиялық Дэниел Гил, мексикалық Марко Антонио Рубио, америкалық Вилли МонроII мен Стивен Кертис және канадалық Давид Лемье секілді мықты боксшылармен жұдырықтасып, жеңіске жеткенін айта кеткен жөн.
Америкалық боксшы Доминик Уэйд осыған дейін 18 кездесу өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған. Сонымен қатар, 12 кездесуінде қарсыластарын мерзімінен бұрын ұтқан. Ол соңғы кездесуін былтыр 26 маусымда австралиялық боксшы Сэм Солиманға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 2015 жылдың 18 қазаны күні канадалық Давид Лемьеге қарсы өткізіп, 8-раундта нокаутпен ұтқан. Бұл кездесуді де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.
Лемьеге қарсы ұрыс – Головкин үшін ерекше маңызға ие. Себебі, жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы түрде Pay-Per-View жүйесімен көрсетіп, 150 мыңнан астам абонементті сатқан болатын. Бұл АҚШ жерінде жекпе-жек өткізген шетелдің азаматы үшін жоғары көрсеткіш саналады.
Ал отандастары үшін Головкин-Лемье жекпе-жегі нағыз спорттық мереке болды. 3,5 миллион қазақстандық жанкүйерлер демалыс күні екеніне қарамастан Головкин-Лемье жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалаған. Бұл рекордтық көрсеткіш! Сондай-ақ, осы кездесуді 1 млн. көрермен телеарнаның ресми www.kaztrk.kz сайтынан көрген. Ал, жекпе-жектің қайталауын 1,5 миллионнан аса жанкүйер тамашалаған.
24 сәуірде "Қазақстан" телеарнасы сағат 15.00 және 19.00-де Головкиннің Уэйдке жекпе-жегін қайталап көрсетеді. Ал "Kazsport" телеарнасы мен kazsporttv.kz сайты 24 сәуірде 23.15-те, 25 сәуірде сағат 09.00-де, 22.00-де және 1 мамырда сағат 23.00-де жекпе-жекті қайталап көрсетеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!