Қазақстан футзалдан әлем чемпионатына барады

Фотография - Қазақстан футзалдан әлем чемпионатына барады

Әлем чемпионаты Колумбияда өтеді

178 0

Футзалдан Қазақстан құрамасы биыл Колумбияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Қазақстан әлемдік сынға екінші рет барады, деп хабарлады Аламан

Алматыдағы матчта Қазақстан құрамасы қарсыластар қақпасына жауапсыз жеті гол салды.

Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита 2-минутта есеп ашты. Кейін Серік Жаманқұлов пен Дуглас екі гол, Лео мен Арнольд Кнауд бір-бір голдан салды.

Қазақстан құрамасы алғаш рет 2000 жылы Гватемалада өткен әлем кубогына қатысқан. Ол кезде біздің құрама топтық кезеңде Бразилия (1:12), Португалия (2:6) және Гватемаладан (5:6) жеңіліп, ширек финалға шыға алмаған еді. Бұл әлем чемпиоатына Қазақстан Азия құрлығы арқылы өткен.

Биыл Қазақстан құрамасы Сербияда өткен Еуропа чемпионатында қола медаль алған. Қолаға таласта Қазақстан сербтерді жеңген.

Әлем чемпионаты 10 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Колумбияда өтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!