Сыр бойында веложарыстың жеңімпаздары анықталды

Фотография - Сыр бойында веложарыстың жеңімпаздары анықталды

Алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа Алматы қаласы, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 9 команда бақ сынасты.

99 0

Қызылордада ҚазКСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ли Валентин Захаровичті еске алуға арналған ұлдар мен қыздар арасында республикалық веложарыс аяқталды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа Алматы қаласы, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 9 команда бақ сынасты.

Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде 5 шақырымдық жекелей жарыста қыздар арасында қызылордалық велошабандоздар жақсы өнер көрсетті. Атап айтсақ, Аружан Ғалымжан 10 минут 44 секундта мәреге бірінші болып келсе, Әсем Телемісова күміс жүлдені, Меруерт Амандық қола жүлдені еншіледі.

15 шақырымдық жекелей жарыста ұлдар арасында Алматы қаласының спортшылары Илья Мантуров жеңіс тұғырына көтерілсе, Артем Сильченко екінші орынды, қызылордалық Дамир Амантай үшінші орынды иеленді.

6 айналым критериум жарысында қыздар арасында қызылордалық спортшылар өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Бірінші орынға Аружан Ғалымжан, екінші орынға Анастасия Иванова, Үшінші орынға Меруерт Амандық ие болды. Ал 12 айналым критериум сайысында ұлдар арасында алматылық Илья Мантуров жеңімпаз атанса, қалған орындарды батысқазақстандық Берік Жұмәлиев пен алматылық Максим Попугаев иеленді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!