Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 5-туры өтті

Фотография - Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 5-туры өтті

Осы турда "Астана" клубы тағы да жеңіске жетті.

190 0

Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 5-туры өтті. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Осы турда "Астана" клубы тағы да жеңіске жетті. Астаналықтар сырт алаңда Талдықорғанның "Жетісу" командасымен кездесіп, 1:0 есебімен ұтты. Сөйтіп, турнир кестесінде көш бастап келе жатқан "Астана" үш ұпай жинап, орнын мықтап алды.

Премьер-лигаға бірінші лигадан келген "Ақжайық» командасы да сырт алаңда жеңісті тойлап Оралға қайтып кетті. Олар "Тараздың" қақпасының торына бір голды тоғытты. "Ақжайық" 4-турда "Оқжетпестен" өз алаңында оңбай жеңілген болатын. Сол жолы кеткен есені Таразда қайтаруға бар күш-жігерін салып, діттеген мақсатына жетті.

"Жетісу" (Талдықорған) – "Астана" (Астана) 0:1 (0:0)

Гол: Юрий Логвиненко 77

"Тараз" (Тараз) – "Ақжайық" (Орал) 0:1 (0:0)

Гол: Қуаныш Бегалин 80

Сол сияқты бүгін Алматы, Көкшетау, Қостанай, Павлодар қалаларында көкмайса алаңға шыққан командалардың ойындары қызықты да тартысты өтті. Бұл матчтар мынадай есеппен аяқталды:

"Тобыл" (Қостанай) – "Ақтөбе" (Ақтөбе) 1:2 (1:1)

Голдар: Константин Дудченко 6 – Асланбек Кәкімов 21, Никита Бочаров 70

"Оқжетпес" (Көкшетау) – "Атырау" (Атырау) 2:0 (1:0)

Голдар: Марат Хайруллин 43, Жасұлан Молдақараев 59

"Ертіс" (Павлодар) – "Ордабасы" (Шымкент) 2:0 (0:0)

Голдар: Роман Мұртазаев 63, Гогита Гогуа 73

"Қайрат" (Алматы) – "Шахтер" (Қарағанды) 0:0



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!