Алматылық "Қайрат" әлемнің үздік футзал клубы атағына ұсынылды

Фотография - Алматылық "Қайрат" әлемнің үздік футзал клубы атағына ұсынылды

AGLA Futsal Awards 2015 by futsalplanet.com нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік клубы атағына үміткер командалар тізімі жарияланған.

381 0

Алматының "Қайрат" футзал клубы "Әлемнің ең үздік клубы – 2015" атағына үміткерлер тізіміне ілінді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Футзал ұйымының ресми сайтында AGLA Futsal Awards 2015 by futsalplanet.com нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік клубы атағына үміткер командалар тізімі жарияланған", - деп жазылған "Қайрат" клубының сайтындағы хабарламада.

Айта кетейік, өткен жылы алматылық клуб Қазақстан чемпионы, Қазақстан Кубогының, Ел суперкубогы  иегері және УЕФА Кубогының жеңімпазы атанды, әлемнің клубтық біріншілігінде екінші орынды иеленген болатын.

Сонымен қатар, "Қайрат" клубының қақпашысы Игита әлемнің ең үздік қақпашысы, Қазақстан ұлттық командасы – үздік құрама, ал команданың бапкері Какау – әлемнің үздік бапкері атағына үміткерлер тізіміне алынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!