Чемпиондар лигасы: Барселона Атлетикодан жеңіліп қалды

Фотография - Чемпиондар лигасы: Барселона Атлетикодан жеңіліп қалды

Есеп 2:0.

268 0

 Бүгін футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалдық матчтары одан әрі жалғасты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

"Атлетико" (Мадрид, Испания) – "Барселона" (Барселона, Испания) 2:0 (1:0)

Кеше Мадрид аспанында түні бойы "Реалдың" жеңісінің буы тарқамамай жатқанда қаланың екінші шетінде жергілікті "Атлетико" командасы да жанкүйерлеріне тағы бір қуанныш сыйлады.  "Атлетко" УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалында Испания чемпионатындағы ежелгі қарсыластарының бірі саналатын "Барселона" клубын жеңіп, жартылай финалға шықты.

Бұл жеңісті шыны керек, бұрыннан футболмен "ауыратын" жанкүйерлердің өзі күптеді. Олай дейтініміз, әлемнің түкпір-түкпірінде "Атлетико" жеңеді-ау деген адамдарға қарағанда каталондық команданың жеңісіне бәс тіккен адамдар көп болған. Алайда, спорт деген бір сиқыр әлем жасыл алаңның ғана шын мықтыны анықтайтынын тағы көрсетті.

Кездесу аса тартысты өтті. Онда "Атлетикоға" алаң иесі ретінде жанкүйерлерін жерге қаратпау үшін Барселонада кеткен есені қайтарып, таза екі доп айырмашылығымен жеңу керек болды. Алаң иелері осы мақсатпен алаңға шықты. Аргентиналық талантты футболист, қазір бірнеше жылдан бері "Атлетиконың" бас жаттықтыршысы қызметін абыроймен атқарып жүрген Диего Пабло Симеоне ойыншыларын тағы бір рет қайрап, алаңға "батасын" беріп шығарды. Бұл ойында "Атлетко" барлық қырынан көрінді. Олар қорғаныста та шабуылда да аргентиналық маманның тактикасын ұстанып, "Барселонадан" басымдық танытты.

Матчта бірінші болып алаң иелері есеп ашты. 36 минутта шабуылшы Антуан Гризманн қарсыластар айып доп алаңына әуелетіп берілген пасты пайдаланып, баспен допты торға тоғытты. Осыдан кейін ойын бойы "Барселонаның" Неймар, Суарес, Инесьта, Месси мен басқа да ойыншылары қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен одан ештеңе шықпады. Оған қарағанда, "Атлетиконың шабылдары нәтижесін беріп жатты. Сондай шабуылдардың бірінде "Барселонаның" айып доп алаңына жақсы пас шығарылғанда Инесьта допты қолмен тоқтатып қалды. Соған төреші Рицолли Никола көп ойланбастан "Барсаның" қақпасына бірден 11 метрлік пенальти берді. Бұл пенальтиді Антуан Гризманн шеберлікпен орындады. Есеп – 2:0. Осы голдан кейін "Барса" есін әрең жиып, тағы бірнеше рет қауіпті жағдай жасады. Леонель Мессидің алыстан шірене тепкен добы да жағдайды құтқара алмады. Сөйтіп, Испания чемпионатында «Барселонаның» өкшесін басып екінші орында келе жатқан "Атлетико" ежелгі қарсыластарының бірін УЕФА Чемпиондар лигасынан шығарып салды.

УЕФА Чемпиондар лигасы 1/4 финалындағы қарсыластардың екінші матчтары.

14 сәуір. Мадрид. "Висенте Кальдерон" стадионы.  

Төреші:  Рицолли Никола

"Атлетико М": Облак, Хуанфран, Годин, Лукас, Луис, Коке, Аугусто (Савич 90’), Габи, Ньигес, Феррейра-Карраско (Томас74’), Гризманн (Корреа 90’)

"Барселона": Тер Штеген, Алвес (Арда 64’), Пике, Маскерано, Альба, Ракитич (Роберто 64’), Серхио, Иньеста, Месси, Суарес, Неймар

Голдар: Антуан Гризманн 36’, 88’

Ескерту алды: Габи 69’, Годин 85’ , Корреа 90’ , Коке 90’ — Суарес 70’ , Неймар 76’ , Иньеста 87’ , Арда 90’

SOCCER-CHAMPIONS-BEN-FCN/

"Бенфика" (Лиссабон, Португалия) – "Бавария" (Мюнхень, Германия) 2:2 (1:1)

Бұл кездесу тең есеппен аяқталғанымен, "Бавария" екі ойынның нәтижесі бойынша жартылай финалға шықты. Бірінші матчта Германия клубының жалғыз соққан голы екінші ойынның тағдырын шешті. Сөйтіп, "Бавария" атағына шаң жуытпай, тағы да Чемпиондар лигасының кубогына дәмелі екендерін көрсетті.

Кездесуде алаң иелері де жақсы ойнады. Оларды сол үшін де мақтауға болады. Бірінші матчта 1:0 есебімен жеңілгенімен, "Бенфика" қолды бір сілтей алатын команда еместігін танытты. Ойында бірінші болып голды да португалдықтар соқты. 27 минутта Рауль Хименес қақпашыдан айласын асыра алды. Осы гол "Баварияға" бір шапалақ болып тигендей көрінді. Одан кейін олар тез есін жиып, "Бенфиканың» қақпасына екі гол соғып, алға шықты. 38 және 52 минуттарда Артуро Видаль мен Томас Мюллер голдардың авторы атанды. Бұл голдан кейін "Бенфиканың" жағдайын қиындай түсті. Өйткені, оларға жартылай финалға шығу үшін енді екі гол емес, үш доп соғу керек болды. Алайда, алаң еилерінің шамасы тек бір гол соғуға ғана жетті. "Бенфика" есепті матчтың бітуіне 15 минут қалғанда ғана теңестіре алды.

Енді жартылай финалда "Реал" (Мадрид) мен "Бавария" (Мюнхень), "Атлетико" (Мадрид) мен "Манчестер Сити" (Манчестер) командалары кездеседі.

14 сәуір. Лиссабон.  "Эштадиу да Луш" стадионы.  

Төреші: Кейперс Бьорн

"Бенфика": Эдерсон, Алмейда, Линделеф, Жардел, Элизеу (Йович 88’), Фейса, Санчес, Сальвио (Талиска 68’), Пицци (Гуэдеш 58’), Карсела-Гонсалес, Хименес

"Бавария": Нойер, Лам, Киммих, Мартинес, Алаба, Видаль, Алонсо (Бернат 90’), Алькантара, Коста, Мюллер (Левандовски 84’), Рибери

Голдар: Хименес 27, Талиска 76’– Видаль 38’, Мюллер 52’

Ескерту алды:Карсела-Гонсалес 70’, Алмейда 90’ – Мартинес 74’



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!