Головкин алғашқы тоқсан бойынша әлемнің үздік боксшыларының көшбасында тұр

Фотография - Головкин алғашқы тоқсан бойынша әлемнің үздік боксшыларының көшбасында тұр

International Business Times басылымы боксшылардың салмақ дәрежесіне қарамастан тізім жасаған.

1992 0

WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша әлемнің үздік боксшылар рейтингісінің көшін бастады.

International Business Times басылымы боксшылардың салмақ дәрежесіне қарамастан тізім жасаған.

P4P рейтингісінде Головкин екінші сатыдан көрінген никарагуалық Роман Гонсалес (44-0, 38 КО) пен америкалық Андре Уордты (29-0, 15 КО) басып озды. Үздік үштіктен кейінгі сатыларда ресейлік Сергей Ковалев (29-0-1, 26 КО), мексикалық Сауль Альварес (46-1-1, 32 КО), филиппиндік Мэнни Пакьяо (58-6-2, 38 КО), америкалық Теренс Кроуфорд (28-0, 20 КО), кубалық Гильермо Ригондо (16-0, 10 КО), америкалық Кит Турман (26-0, 22 КО) және британдық Келл Брук (36-0, 25 КО) жайғасты.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!